Жыл басынан Түркістан қаласында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы жаяу жүргіншілердің белгіленбеген орындардан өтуінің 900-ден астам дерегі тіркелді. Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер жүйелі іс-шаралар өткізіп тұрады. Жолдағы қауіпсіздік тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де тығыз байланысты. Кейбір тұрғындар жолдан өтіп бара жатса да, бар назары телефонда болады. Құлаққап арқылы әуен тыңдайды. Енді бірі телефонмен сөйлеседі. Бұл да жүргіншілерді алаңдатады. Полицейлердің айтуынша, белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншілерге 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ережені бір жыл ішінде қайта бұзған жағдайда айыппұл 10 АЕК-ке дейін ұлғаяды.
 НҰРСҰЛТАН МЕЙІРХАН -  ПД ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ  
---Жыл басынан Түркістан қаласында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы жаяу жүргіншілердің белгіленбеген орындардан өтуінің 900-ден астам жайты анықталған. Аталған жайттар бойынша әкімшілік кодекстің 615 бабы 1 бөлігіне сәйкес  яғни 2 АЕК көлемінде хаттамалар толтырылды.