Сауран ауданында «Өндірістік парк» құрылысы жүріп жатыр. 30 гектар жерде орналасқан парктің аумағында 42 нысан салу жоспарланған. Жоба құны 13 миллиард теңгені құрады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының құрылыс барысын бақылап, жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеді.


Ауқымды құрылыс «Түркістан» әлеуметтік корпорациясы және жеке инвестор есебінен жүргізіліп жатыр. Жоба 3 кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде 10 ғимараттың құрылысы аяқталып, 23 мың шаршы метр қолданысқа берілген. Бір ғимараттың жалпы ауданы 1 584 шаршы метрді құрайды. Бүгінгі таңда 6 жоба іске асырылып 30,7 млрд. теңгеге инвестиция тартылған және 550 жаңа жұмыс орын ашылып жатыр. Ауқымды құрылыстың екінші кезеңі бойынша аумағы 25 мың шаршы метр болатын 12 ғимарат салу жоспарланған. Инвесторлар белгілі, құрылысы аяқталған соң 1000 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал үшінші кезеңде, 2025 жылы 14 ғимаратты іске қосылмақ.