Шымкентте құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті.


Оған құқық қорғаушылар мен мемлекеттік қызметкерлерден құрылған 8 команда қатысты. Жарыс нәтижесінде өзгелерден оқ бойы озып шыққан қалалық полиция департаментінің құрамасы спортта шымыр екендігін дәлелдеп 1-орынды иеленді. Экономикалық тергеу департаментінің командасы 2-орынға жайғасты. Ал, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері үздіктердің көшін тәмамдап, 3-орынға ие болды.Бұдан бөлек, ойын қатысушыларына «Үздік шабуылдаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» номинациялары берілді. Жеңімпаздарға арнайы кубок пен дипломдар табысталды.