Қазақстан – халықтың қауіпсіз, ыңғайлы өмір сүретін Ордасына айналуы керек. Бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған маңызды мәлімдеменің бірі. Сарапшылар бұл ақпараттар Мемлекет басшысының халықтың жағдайымен таныс екенін айқындады – дейді.

ЛАУРА САРМАН, ТІЛШІ
«Мемлекет - бәрімізге ортақ үй. Қоғамдағы ізгілік қағидалары мен қолайлы ортаның қалыптасуы тек мемлекеттік қызметшілер, орган өкілдерінің ғана емес, азаматтардың да міндеті. Иә, Президент әрбір адамға алаңдаулы – дейді оқытушы».

 МӘДИ БЕСБАЕВ, Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ   
«Қаншама адам жол апаттарынан қайтыс болады. Бұл дегеніміз – осының барлығына Заңдар бар, бірақ оның дер кезінде орындалып жатқанын айта алмаймыз. Сондықтан, әрбір азамат өзіне жауапкершілік алу керек»

Мемлекет мен үшін не істей алады емес, мен елім үшін не істей аламын деген қасаң қағида әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Өз саласында мықты маман, өз айналасына ізгі адам бола білген, игілік принципімен жүрген қарапайым жандардан мемлекет құралып, гүлденеді. Президентітң айтқысы келгені – осы дейді ұстаздар.

СТЭНДАП: ЛАУРА САРМАН, ТІЛШІ
«Президент өз Жолдауында: «Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді, - деген еді. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шеккенін айтып, алаңдаушылық білдірді.»