Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында парапауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақта Давид Дегтярев чемпион атанды. Осылайша Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті.


Давид Дегтярев Токиодағы жетістігін қайталап, Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы болды. 188 келілік зілтемірді бағындырған ол Паралимпиаданы екі рет жеңген тұңғыш қазақстандық атанды. Құрама қоржынында қазір 3 медаль бар. Еліміздің алғашқы жүлдесін бізге атқыш Еркін Ғаббасов әкелді. Ал атлет Дастан Мұқашбеков Францияда 3-орынға ие болды.


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бүгін таңертең Давид Дегтяровті құттықтап, пост жариялады. «Екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанған Давид Дегтяревті шын жүректен құттықтаймыз, ол тамаша нәтиже мен қажымас қайрат көрсетті», - деп жазды Мемлекет басшысы.