Президент тапсырған меже – жалпы ішкі өнім жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін өнеркәсіп кәсіпорындарын көптеп ашылып жатыр. Зауыт-фабрикалардың өндірістік қуатын арттыру арқылы отандық экономиканың нақты секторын дамыту көзделген.  Осы орайда, Шымкентте кернеуі 110, 220, 500 кВт, ал қуаты 500 МВА-ға дейінгі трансформатор жабдықтарын шығаратын зауыт бар. Мегаполистің экономикасына екпін беріп отырған кәсіпорынның тыныс-тіршілігі тілші сюжетінде.


5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл кәсіпорын «Asia Trafo» ЖШС деп аталады. Ол сондай-ақ «Alageum Electric» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші компания құрамына кіретін өндіріс ошағының бірі ретінде танымал зауыт. Жылдық қуаттылығы 70 трансформаторға жетіп отыр.


ОМАР АСАНОВ, «ASIA TRAFO» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРҒАҒАСЫ
---J10 2020-500 КВ арналған трансформаторлар, автотрансформаторлар, реакторлар бізден шығарылып, сол жерлерге қойылады. Сондай-ақ, теміржолға пайдаланылатын трансформаторлар бізден шығарылады.


«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан зауыт аумағы 12 гектарды құрайды. Кәсіпорын басшылығы трансформатордың барлық бөлшектерін өздері жасап шығаратынын айтады. Сондықтан бұл өнімдерді 100 пайыз отандық өнім деуге негіз бар. Шымкенттен бөлек, Астана, Түркістан, Павлодар, Өскемен, Ақтау, Қарағанды, Атырау өңірлеріндегі қосалқы станцияларға орнатылған. Өнімнің 16 пайыз үлесі шет мемлекеттерге экспортталады. Бүгінгі таңда өндіріс орнында 250 адам еңбек етіп отыр. Орташа айлық жалақы – 42 мың теңге.


ДАРХАН ТОЛСЫБАЙ, ЖҰМЫСШЫ
---Мысалы мынандай трансформаторды 2 күнде істеп шығарамыз. Апатасына 2-3 данасын шығарамыз. Жалақымыз жақсы. Осы жерді таңдағаныма өкінбеймін. Өте таза жер. Жалақы уақытылы түседі.


Кәсіпорында еңбеккердің әлеуметтік тұрмысын жақсартуға барынша қолайлы жағдай жасалған. Өз еркімен шетелге біліктілігін арттыруға барған жұмысшының оқу ақысы мен жүріп-тұру шығындарын компания толық өзі өтейді. Бұдан бөлек отбасылы жас мамандарға уақытша тұруға тегін жатақхана беріледі.