Елімізде жыл өткен сайын инклюзивті білім алатын балалар саны өсіп келе жатыр. Білім ұялары мен балабақшаларда арнайы топтар ашылған. Кентаулық Марал Нүрпейісова да тілінде мүкісі бар бүлдіршіндерді оқытып, түзету және дамыту орталығын ашқан. Мемлекет қолдауының арқасында қажетті білім құралдарын сатып алған.

Марал оқытып жатқан мына балалар биыл мектеп табалдырығын аттады. Барлығы зерек, ойлау қабілеттері де ерекше. Дегенмен бірінің тілі кеш шықса екіншісінің тілінде мүкісі бар.Оған баланың дұрыс тамақтанбауы мен фирикалық жаттығуларды жасамауы.Ең бастысы ұялы байланыс телефонды көп ұстауы себеп,дейді маман.Сондықтан инклюзивті білім алатын балаларды аз да болса қолдап қоғаммен емін-еркін араласып кетуіне жол ашу,-дейді логопед –дефектолог.    


МАРАЛ НҮРПЕЙІСОВА, ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ

Жарамсыз тамақтарды көп жеуі мен телефонда көп отыруына байланысты спорттыңмына дене қимылының аз болуына байланысты сол тілдің кешеулідеп шығу зияқты задержкалар көп болып жатыр. Логопедиялық көмек керек балалар өте көп екен. Яғни инклюзия тобындағы  бала өте көп. Сондықтан сол балалар мына қоғамнан алшақтап кетпесін деп біз сол балаларға арнайы осы орталықты ашып Біздің мақсатымыз сол балаларды түзету дамыту жұмыстарын жүргізе отырып сау балалардың қатарына қосып жіберу..  /


 Фариза Егембай оңалту орталығына қызын алып келіпті.Мектеп алды даярлық тобына бармағандықтан оқуға үлгере алмай қала ма деген ойым болды. Мұнда баланы жазу-сызу мен қатар әріптерді тану оны қосып оқу жақтарына да мән береді. Оған қоса марал апай баланың тілінің мүкістігі бар ма жоқ па соны да айтып береді,-дейді тұрғын.


ФАРИЗА  ЕГЕМБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бұл жердің ерекшелігі тек қана жазып қана қоймай оқытып, тілінің кемістігіне қарап, барлық жзағынан қамтамасыз етеді.Қандай витаминдер керек. Қай жерінде кемістігі бар барлығын жан-жақты дайындайды мектепке. Әрі психолог өзі.бала деген бірден келіп оқи салмайды. Оны дайындайды жан жақты. Оны көрсету керек па бір жерін емдету керек па Өйткені бала деген бір жері скау болмаса оның сабаққа деген ынтасы болмайды дейді.


Білікті маман мемлекеттен алған гарнт қаржысына балаларға қажетті түрлі оқу құралдарын сатып алыпты. Орталықта қосымша математика мен ағылшын пәні  көркем жазу жылдам оқуға үйретеді. Әріптерді аң-құстардың аттарымен қосып үйрету арқылы бала әрі алфавитті таниды әрі қоршаған ортадан хабары болады дейді логопед маман.


 МАРАЛ НҮРПЕЙІСОВА, ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ
Проба ретінде ашып көрейік деп ойладық. Сөйтсек халыққа шын мәнінде керек сала екен. Соны түсініп мына мемлекеттен бөлінген грантты алып,ортағыма қажетті барлық құралдарды алдым. Маған үлкен көмек болды.Логопед дефектологтардың жасайтын тапсырмалары,құралдары бар ғой нейропсихологтардың  құралдары өте қымбат.Сол грантқа сондай керекті құрал жабдықтарымды алдым. Қазір жұмыс жасап жатырмыз.


Орталыққа келетін әрбір баланың отбасы өздерін бақытты сезінеді. Өйткені бүлдіршіндер қоғамдық өмірге белсенді араласып, өздігінен оқып-жазуды үйренеді. Сол себепті  ата-ана балаларын дамыту үшін мамандарға  толығымен сеніп тапсырған. Болашақта 18 жасқа дейінгі балаларды да бейімдеуді мақсат етіп отыр. Ал, елімізде инклюзивті білім беру бойынша арнайы заң жобасы қаралып жатыр.