Енді қазақстандықтар мейрамханаларда 10% қызмет ақысын төлемеуі мүмкін. Осыған байланысты заңнамалық өзгерістер дайындалып жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.


Ведомство өкілінің айтуынша, бүгінде шайпұлдар чектің ішінде міндетті бөлік ретінде енген. Сауда ережелеріне өзгерістер қабылданса, тамақтану орындарында қызмет көрсетуге төленетін 10 пайыз түбіртектен алынып тасталмақ. Ал егер көрсетілген қызмет көңіліңізден шықса, өз еркіңізбен шайпұл беруге болады. Алайда бизнесмендердің бәрі бұл ойды құптай қоймас – деп қосты министр.


Ал әлеуметтік желідегі жұрт енді мейрамханалардағы ақы кемінде 10 процентке қымбаттайтын болды деп алаңдап отыр.