Мегаполисте 6 мыңға жуық бала ғылыми жобалармен айналысады. Жыл сайын жүздеген бала халықаралық және республикалық деңгейде ғылыми жобалар конкурсына қатысып,  жүлделі орындар алып жатыр. Ғылыми жоба жүргізу арқылы  оқушылар адамзат үшін құнды дүниелерді меңгеруде.  
Аяла Әбдіжаппарқызы баламалы энергия көздерін қолдайды. Оның жобасы күн және жел электр станциясы. Кремидан төсеп фотоұяшық жасаған. Ол күн сәулесін электр энергиясына айналдырады. Одан бөлек турбиналар арқылы табиғаттың  желін де энергияға айналдыру керек  деп, санайды жас ғалым.  

АЯЛА ӘБДІЖАППАРҚЫЗЫ, М.ТАСОВА АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН №3 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ
 Осы турбиналар қозғалып акумуляторда синтезделіп кенетикалық энергиямен төменге жылжып тұрғын үйлерге таратады. Бұндай электростанциялырдың ең үлкені бізде Жамбыл облысында Ақмола ауданында бар.

Күн мен жел энергиясы ауа райына тәуелді. Энергияның сарқылмыс көзі атом энергетикасы, – дейді аға буын ғалымдар.  Осы саланы дамытуға елімізде мүмкіндік көп.
ҚАЛИМА САРТАЕВА, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ПРОФЕССОРЫ
  Қазақстанымыз әлемде уран өндірісі бойынша бірінші орында және қоры бойынша екінші орында
Келешек жастардың қолында. Жас ғалымдар бұл кездесуге өздерінің түрлі жобаларын алып келген. Құрғақ сөзбен емес ғылымға негізделген дәлелмен  тұңғыш туындыларын қорғады.