Сайрамдық криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен сауда орталығыннан телефон ұрламақ болған күдіктіні құрықтады.  

Белгілі болғандай, 23 жастағы азамат қылмысын алдын ала жоспарлап, сауда үйіне таңғы сағат 4:00 шамасында терезесі арқылы кірген. Сатылымда тұрған 4 дана ұялы телефон мен қол сөмкелерін жымқырып, сатып жіберген. Айтуынша, ол бұл қылмысқа қарыздарынан құтылу үшін барған. Полицейлер сатылып кеткен ұялы телефондарды анықтап, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда күдікті жігіт қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.