Биыл қазан айынан бастап 11 жастағы қыздарды адам папиломасы вирусына қарсы вакциналау басталды. 13 000 жасөспірімге екпе жасау жоспарланған. Екі мәрте егуге 26 000 доза вакцина бөлінеді.

Гүлжан Рүстемова 11 жасар қызын емханаға өзі ертіп келіпті. Перзентінің болашағын уайымдаған ана екпе салдыруға ниет еткен. Себебі бүгінгі вакцина үлкен қауіптің алдын алады.
ГҮЛЖАН РҮСТЕМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ  
- Қызымды АПВ екпеге алып келдім Бұл екпе өте маңызды деп ойлаймын ЖМО алдын алуға осы екпеге тоқталдық.
Бүгінгі таңда мегаполисте 11 900 доза вакцина келіп түсіп, емханаларға таратылған. Олар суық тізбекті сақтай отырып, тиісті жағдайларда сақталады. Адам папилломасы вирусы ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген. 11 жастағы қыздарға вакцинация ата-аналарының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ мен онкологтардың ұсыныстары бойынша алынған. Себебі 11-14 жастағы иммундау ересектерге қарағанда тиімдірек.
 НҰРЛАН ЖАҢАБАЕВ.  №7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
- Бірінші қазаннан бастап апв вакцинация басталды.Ата аналар өздері келіп вакцинацияны күткенімізге көп болды деп алып жатыр.  
Вакцина мектептердің медициналық кабинеттерінде салынады және тұрғылықты жері бойынша емханалардан алуға болады. ДДҰ-ның 1996 жылғы 9 шiлдедегi ақпараттық бюллетенi жатыр мойны обырының пайда болу себебi адам папилломасы вирусы болып табылатынын ресми түрде растаған. Бұл вирус тұрмыстық және жыныстық қатынас кезінде адамнан адамға берілуі мүмкін.
МАРХАБАТ КӨШІМБЕТОВА, №7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ   ОРЫНБАСАРЫ
-  Бұл вакцина күдікпен қарайтын вакцина емес Бұл әлем бойынша 135 елде қолданылып келе жатқан вакцина. Біздің көршілес елдерде Өзбекстан Қырғызстан елдерінде бұлар қолданып келе жатыр.
Жыл сайын әлемде жатыр мойны обырының 600 000-нан астам жаңа жағдайы тіркеледі. Бұл дертпен  ауыратын 330 000-нан астам науқас қайтыс болады екен. Қазақстанда жыл сайын 1900-ге жуық ЖМО жаңа жағдайы тіркеледі немесе күн сайын 5 жаңа жағдай анықталады. Бұл аурудан жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады. ЖМО Қазақстанда сүт безі обырынан кейін әйелдер арасында екінші орында тұр.Бүгінгі таңда жатыр мойны обырының бастапқы профилактикасы вакцинация, екіншісі - скрининг болып табылады.