«Өзіңді тұмаудан қорға». Спортпен шұғылданып, белсенді қимыл-қозғалыс арқылы иммуниетіңді арттыр. Осылайша, жедел респераторлары вирусы инфекциясына қарсы тұр! Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығыгың мамандары осылай дейді.
Түркістан облысы Сайрам ауданында «Өзіңді тұмаудан қорға» ұранымен эстафеталық іс-шара ұйымдастырылды.  Мақсат - ЖРВИ-дің, тұмаудың және пневмококк инфекциясының алдын алуға бағытталған  Ұлттық бағдарламаны жүзеге асыру. Жарыста 7 адамнан тұратын үш команда бақ сынады.
 СҰҢҒАТ ҚОШҚАРБЕК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ  
 -Болашақ чемпион командасымыз, Өте қызық боп жатыр. Өте керемет. Бәрі жақсы. Қаппен секіріп, арқан тартысып түрлі ойын ойнадық. Бізге шаян сияқты, қырықаяқ сияқты болып жүру қиын болды.
 Денсаулық - баға жетпейтін асыл дүние. Әр адам өзінің және жақындарының басты байлығына көңіл бөлуі қажет. Ақпараттық технологиялар дамыған бүгін уақытта спортпен айналысу аса маңызды. Әділқазылар қатарындағы ауыл дәрігері балалар арасында осындай эстафеталық жарыстың берері мол, - дейді.
ЖАДЫРА САЙФУДИНОВА, САЙРАМ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҚАЙНАРБҰЛАҚ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ
 -Ауырмас үшін алдын алу шаралары, яғни жеке бас гигенасын сақтау керек. Иммунитет күшті болу үшін спортпен шұғылданып, витаминдерге бай тамақтану керек. Сонымен бірге таза ауада серуендеген де жақсы. Телефонға телмірген заманда балаларға бұл іс-шара өте қажет, денсаулықтарына өте пайдалы. Таңнан кешке дейін телефон қарағанша осылай ойнағаны дұрыс. Ұйымдастырушыларға рақмет!
 Спорттық эстафетаны Түркістан облыстық cалауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен «Жеңіс груп» спорт кешені бірлесе ұйымдастырып отыр. Бүгінде спорттық жарыс арқылы балалардың санасында өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыруды көздеп отырмыз,- дейді ұйымдастырушылар.
 АЙЖАН МОЛДЫБАЕВА, CАЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ
«Іс-шараны Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Президентіміздің сөзінен бастағым келіп отыр. «Азаматтардың салауатты өмір салты – салауатты ұлтты қалыптастырудың негізгі шарты. Сондықтан бұқаралық спортқа ерекше назар аудару керек. Бұл стратегиялық маңызы бар басым міндет»
Жарыс қортыныдысы бойынша командаларға алғыс хаттар, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Мамандар халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған сектор аралық күшті біріктіре отырып, салауатты өмірге баулу күн тәртібінен түспейді дейді.