Шымкентте жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында ағымдағы жылдың 11 қазан күні адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және волонтерлардың қатысуымен халыққа заңгерлік кеңес беру жоспарланып отыр.  Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат қажетті кеңес ала алады. Акция Бәйтереков көшесі 89 үйде орналасқан «Еңбек мобильділігі орталығында» 11:00-де өтеді.