«Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік символы». Осындай тақырыппен Шымкентте этнос жастарының қатысуымен қалалық байқау өтті. Республика күніне арналған іс-шараға орта мектеп мұғалімдері мен туризм басқармасының мамандары қатысты. Олар қазақша сөз сөйлеп, қазақ мәдениеті мен дәстүрін дәріптеді.
 Мафтуна Саидова №43 жалып орта білім беретін мектепте математика пәнінен дәріс береді. Өзбек ұлтынан болса да, қазақ тілінде сөйлеп, ойын еркін жеткізе алады. Тілдер байқауына алғаш қатысып отырған ол  би билеп, өлең оқыды.
МАФТУНА САИДОВА – БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
- Байқуға өзімнің қазақ тілімді қаншалықты жақсы көретінімді, қаншалықты құрметтейтінімді көрсету үшін келдім. Бұл жерде мен бірінші кезеңде қазақша би көрсетіп, мақал мәтелге жауап беруге тырысамыз. Қандай тақырып түседі сол тақырып бойынша қысқаша сөйлеп өтеміз.
Қалалық тіл байқауына мемлекеттік тілді жетік меңгермен мектеп мұғалімдері мен туризм басқармасының 14 маманы қатысты. 18 бен 35 жас аралығындағы этнос өкілдері үш кезең бойынша яғни, «Жұлдызды сәт», «Сөздің көркі», «Ой толғау-ой ұшқыры» тақырыбында бақ сынады. Сайысқа түскендер ән шырқап, би билеп, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін дәріптеді.
ГҮЛМИРА ЖАНЫСБЕКОВА - ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
- Байқаудың мақсаты мемлекеттік тілімізді жетік білетін жастарды қолдау. Қолдап одан соң деңгейін жоғары көтеру. Және де мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту. Бұл жерде басымыдық этносқа беріледі. Этнос өкілдері қатысуда. Байқаудың мақсаты этнос өкілдері мемлекеттік тілді білуін, деңгейін анықтау.  
 Байқау қорытындысы бойынша қазақ тілін жетік меңгерген этнос өкілі анықталды. Жеңімпаздарға алғыс хат, грамота және арнайы сыйлықтар табысталды.