Әр аудан өзін-өзі қамтамасыз ете алатындай жағдайға жетуі тиіс. Кентау қаласының даму жоспарларын тыңдаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осылай деді. Өңір басшысының төрағалығымен аудан, қалалардың даму жоспарын талқылап, бекіту жұмыстары жалғасып жатыр.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ауданның 2025-2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары мен көрсеткіштерін баяндады. Сөзінше 9 айдың қорытындысымен Кентаудың жалпы өңірлік өнімнің көлемі 61 млрд. теңгені құрады. Қала әкімінің айтуынша, 2030 жылға дейін жергілікті кірістер көлемін кемінде 1,5 есеге дейін арттыру көзделіп отыр. 2023 жылы қалаға 46,7 млрд. теңге инвестиция тартылған болса, 2024 жылы оның көлемін 50 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Биылғы 9 айда нақты 17,2 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Ал облыс әкімі шаһарды дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Қаланың әлеуеті  толық  пайдаланылмай отырғанын айтып, өндіріс орындарын ашуға күш салуды, инвестиция тартуды, туризмді қолға алуды тапсырды. Даму тұжырымдамаларына қатысты экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм салаларын дамытып, жұмыспен қамту үшін тиісті басқарма басшыларының ұсыныстары қаралды.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ –ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Свободный комиссия зона бар. Ертең энерго, газ көздері жер бар. Не керек одан басқа? Іздеңдер давайте тездетіп. Ана жер қайнап тұру керек қой ана жақта. Эксковатор бар басқа жағы бар. Бүкіл қаланы қайтып жұмыс істету керекпіз. Үйреніңіздер, оқыңыздар. Кітап оқыңыздар. Тағы тәжірбие алмасыңыздар. Мен ешкімге шектеу қойып жтқан жоқпын ғой. Барып үйренуге, оқуға. ҚАзір біз бүйтпесек ертең бұл қалады. ҚАзір барлығы ашық қой интернетпен көріп отырамыз. Әлеуметтік желіде көріп отырмыз қалай дамып жатқанын.