«Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен сәуір айында қолға алынған шарада елді мекендер мен өзен бойлары, шалғай аймақтар мен орталықтар, гүлзарлар мен тарихи аумақтар күл қоқыстан тазаланып, ағаштар егілуде. Бұл жолы Тұран ауданына қарасты коммуналдық мекеме барлық қызметкерін 3-ші шағын ауданға жинады.
Акция аясында көпқабатты үй аулалары қоқыстан тазаланып, қураған талдар қырқылды. Арық-атыздар аршылып, шөптер оталды.
Тазалықты әркім өз ауласынан бастау керек деген үлкендер қала халқын белсенді болуға шақырды. Көппен бірге бітетін тірлікке тұрғындар тым болмаса айына бір рет атсалысса, дейді.
 Республикалық экоакция жыл бойында жалғасатын болады. Мұндағы басты мақсат, табиғатты ластанудан қорғап, тазалық мәдениетін қалыптастыру. Қазан айының 20 бастап күзгі көшет отырғызу науқаны басталатынын айта кетейік.