18 қазан – Рухани келісім күні. Айтулы датаға орай, дін өкілдері жарыс алаңында жолықты. Спорттың үш түрі бойынша бақ сынаған олар өз саласында ғана емес, спортта да белсенді екендерін көрсетті.
 70-ке жуық дін қызметкері қатысқан сайыс ә дегеннен-ақ тартысты басталды. Алдымен шахматтан бақ сынасқан олар үстел теннисінен де осал еместерін көрсетті. Ал кіші футболдан 10 бірдей команда алаңға шықты.
 Салада ғана емес спортта да белсенді екендерін көрсеткен дін қызметкерлері мұндай сайыстардың жиі ұйымдастырылатынын айтады. Әркез ынтымақ пен татулықты ту еткен олар бұл жолы да арадағы достық пен сыйластықтың жеңгенін сөз етті.
 Шымкентте 32 діни бірлестік бар. Елдің ынтымағы мен бірлігін сақтауда олардың атқарып жатқан жұмыстары ұшан теңіз. Мұндай шаралар да арадағы қарым-қатынасты одан әрмен қарай жақсартуға сеп болары сөзсіз.