Түркістан жерінде Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани Хикмет» еңбегін жатқа айтудан сайыс өттті. Әр жастағы шығармашыл тұлғаларды қамтыған өнер додасына 50-ге тарта үміткер қатысты. Күллі түркі дүниесінің ортақ рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи мұрасының маңызын насихаттауды көздеген дәстүрлі байқауға тілшілер де қатысқан болатын. Бейнесюжетке кезек берсек.

Қожа Ахмет Ясауидің бізге жеткен мұраларының ішінде халықтың жүрегіне жақыны да, құндысы да – Диуани хикмет. Шығарманың бірінші шумағында: «Екінші дәптер сөзін аштым, міне», - деп басталады. «Екінші дәптердің» негізгі мағынасы – рух, рухани әлем. Ондағы басты тақырып – Ұлық Аллаға ғашықтық. Алланы мадақтау, тәкбір айту, тәсбих тарту, пайғамбарға салауат жолдау арқылы ғана құдайға жетуге болатынын айтады. Байқауда осы құндылықтар кеңнен дәріптелді.


 Дәстүрлі байқауда шығармашыл топтың таланты мен қатар Диуани хикметке деген құштарлығы сараланды. Қасиетті мекеннің қадірін арттратын құнды дүнині насихаттаудағы өзіндік ерекшеліктерге мән берілді.

 Ясауитану саласындағы негізгі мәселелердің бірі – ақын қаламынан туындаған даналық сөздерін жинақтап, сараптап, берісі қазақ, әрісі күллі түркі мұсылман руханиятының кәдесіне жарату. Бұл мақсаттағы жиындар Түркістанда жалғасын таба бермек.