Қазақстанда жетім балаларды қабылдайтын кәсіби отбасы институты енгізіледі. Енді ата-ана қамқорлығынан айырылғандар балалар үйіне емес, бірден отбасыларға жіберіледі. Алайда оның талаптары мен критериялары бар. Отбасы институты жайында әріптесім дайындаған сюжетте толығырақ.
«Ана үйі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған кәсіби қабылдаушы отбасылар институтын енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиында институттың атқаратын міндеттері талқыланды. Жауаптылар жүйе енгізілгеннен кейін ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар балалар үйіне емес, отбасыларға тікелей жіберілетінін айтты.
 ФАРИДА РАХМЕТОВА -  БАЛА АСЫРАП АЛУ ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ
- Баланы отбасына қабылдауп алудың бірнеше формасы бар. Ол асырап алу, қорғаншылыққа қабылдау, патранатты тәрбиеге қабылдау  және де қабылдаушы отбасына қабыдаы. Ендітағы бір институт енгізілмекші. Қазіргі кезде ол мәжілістің жұмыс тобында қарастырылып жатыр. 2025 жылға дейін жоспар бойынша енгізілуі керек.
Тағдыр тауқыметін көтере алмай бауыр еті баласын жетімдер үйіне тапсыратын ата-ана қоғамда бар. Қазіргі таңда елімізде 4285 бала интернат мекемелерде тәрбиеленіп жатыр. Оның 80 пайызы 7 мен 17 жас аралығындағылар. Басым бөлігі жасөспірімдер, диагнозы бар балалар және ағайындылар. Ал Шымкент қаласындағы балалар үйінде жүзге жуық бала жаңа отбасын күтіп жүр.
АЛИЯ ӨТЕБАЕВА - БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
-Жылдың басында екі өмірлік қиын жағдайға тапболған балалар орталығы болған. Қазіргі таңда бала санының азаюына балаларды отбасына орналастыру қарқынды жүру нәтижесінде бір балалар үйі қысқартылды. Ол жерде қазір тоқсанға жуық бала тәрбиеленуде.
 Балаларды қабылдайтын кәсіби отбасы институты енгізілгеннен кейін қойылатын талап төмендегідей.
Айтып өтейік, әр қабылдаушы кәсіби ата-анаға тәрбиешілік қызметі үшін мемлекеттен ай сайын 70 АЕК көлемінде ақы төленетін болады.