Шымқала кештері жалғасып жатыр. Шілдеден басталған OPEN AIR форматындағы концерттік шара 8 бірдей мәдениет үйінде өтті. Соның бірі - Сайрам тұрғын алабындағы өнерпаздар ордасы. Онда қалалық өзбек драма театрының әртістері өнер көрсетіп, көрерменге  көңілді кеш сыйлады.
 Мегаполистің мәдени өмірін жандандыру мақсатында өткізіліп жатқан  шара қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалысына айналды десек, артық айтқанымыз емес. Бұл жоба халықтың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттырып, бос уақытты пайдалы әрі ерекше өткізуге мүмкіндік беріп жатыр. “Шымқала кештері” – заманауи өнер, музыка, спорт және шығармашылықтың тоғысқан алаңы.
 Мәдениет пен өнерді дамыту ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының өзара араласуы мен әлеуметтік байланыстарын нығайту да бұл жобада көзделген. Мұндай кештер отбасылық және достық қарым-қатынасты да арттырып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі.
 Шымқала кештері қаланың 8 бірдей өнерпаздар ордасында өтті.  Арасында өткен аптада ғана ашылған мәдениет үйлері де бар. Онда әзіл-сықақ, қуыршақ, опера және балет, өзбек, орыс драма театры мен цирк әртістері өз өнерлерін паш етіп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.