ДИКТОР: Енді Бозарық саяжайының тұрғындары көмір тасып пеш жақпайды. Себебі газ келді. Осылайша олардың әуелдегі арманы орындалды. Көгілдір отынға алғашқы қосылғандардың қуанышымен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бөлісті. Саяжайда қанша абонент газға қосылуы керек? Әріптесім Нұрлан Пайзов біліп қайтты.

Көгілдір отынға алғаш боп қол жеткізгендердің бірі Бақтыгүл Сағынбаева. Ол Бозарық саяжайына 4 жыл бұрын көшіп келген. Қысқы маусымда от жағып, аязды күндері тіпті пәтер жалдап күнелткен кезі де болыпты. Бүгін баспанасын жылуға қосып, көңілі жайланған.

БАҚТЫГҮЛ САҒЫНБАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

- 4 жылдан бері осы күттік газды. Қашан келеді деп далаға ошақ жағып, қыстың күні көмір жағып қиналдық. Енді міне бүгін қазақ газ ұжымы бізге табиғи газды қосып берді. Былтыр трубаларын тастап кеткен. Биыл қосып отыр.

 Жоспар бойынша саяжайдың жаңа құрылыс аумағында 700-ге жуық үй болуы керек. Қазіргі таңда мұнда 150 отбасы күнелтіп отыр. Жауаптылар әр үйдің алдына құбыр тартып, есептеуіш құралын орнатып қойған.

 РАХЫМБЕРДІ МҮЛКЕМАНОВ – ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

- Бұл проектіні 2022 басталған жсқ әзірленіп, 2023 жылы ақша бөлініп, жоспарға асып биыл пайдалануға беріп жатырмыз. Нақты бүгінгі таңда біз осы аясында 5 үйді кіргізіп жатырмыз.

 Ал ҚазТрансГаз мекемесінің өкілдері көгілдір отынға қосылу кезінде техникалық қауіпсіздік қатаң сақталу керек дейді. Сол себепті сала мамандары түсіндіру жұмысын жүргізіп, тұрғындарға өздігінен заңсыз қосып алуға болмайтынын ескертеді.

ЕРМЕК ҚАЛДЫҒҰЛОВ – QAZAQ GAS AIMAQ ШЫМКЕНТ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- Әр тұтынушының шарбақтарына дейін газ келіп тұр. Газға қолжетімді болып тұр да. Олар қазір бізге арыз жазып, техникалық талап алып документтерін, үйін газдандырып, біздің мамандар келіп тексеру керек қауіпсіздік ережесіне. Техника талапқа сайына сол кезде ғана біздің мамандер келіп, қосып жағып кетеді. Өздігінен тұтынушыларға қосылуға боламайды.

 Саяжайды газдандыру жұмысын қала әкімі өзі бақылап көрді. Тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Сөзінше алдағы уақытта өзге аумақ тұрғындары да табиғи газдың шарапатын көреді.

 ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

-Бозарық-1 қосылады. Бозарық 3, Қайнарбұлақтың қалғаны қосылады дачалар барлығы. Сосын Қаратөбе ЫНтымақ-2 бар, Тассай бар. Біраз аудандарымыз бар әлі.

 Жауаптылар 2025 жылы тағы 17 шағынауданға көгілдір отын жеткізіледі деп жоспарлапты. Нәтижесінде 2026 жылға қарай қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.