Отырар ауданында мақта мен қатар күріш те тамшылатып суару әдісі арқылы егілді.Тың технология өнімділікті арттырып отыр. "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы мен Қытайлық «Lihua Spinning Technology Co., Ltd»компаниясы бірлесіп Арыс ауданымен қосқанда 33 мың гектарға мақта еккен. Бірінші жылдың өзінде ақ алтыннан 60-70 центнерден өнім күтілуде. Тақырыпты егіс алқабында болып қайтқан тілші тарқатады.
Күріш жалпы суды және ыстықты жақсы көретін дақыл.Тұқым жерге тасталған сәттен бастап 120 күн судың ішінде өседі. Бір сөзбен айтқанда суға тәуелді өсімдік. Тамшылатып суару технолгиясы күріштің түбіндегі ылғалдықты сақтап, өнімділіктің артуына негіз болады.
"Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ мен Қытайлық «Lihua Spinning Technology Co., Ltd» компаниясы Отырар мен Арыс ауданының аумағынан 33 мың гектар жерге мақта еккен. Егін алқаптары тамшылатып суарылады. Барлығы бір жерден компютер көмегімен басқарылады. Дихандар бірінші жылдың өзінде 60-70 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Қытайлықтар жалпы 64 миллиард теңге қаржы жұмсаған. Мақта теретін комбайндарға дейін әкелінген.
Инвесторлар аумақтан 5 бірдей зауыт салып жатыр. Оның төртеуі мақта өңдейді. Ал, біреуі тамшылатып суару технологиясына қажетті ленталар жасайды. Биылғы жылы екі зауыттың құрылысы аяқталмақ. Қыркүйектің соңында мақта терімін бастап, зауытта өңдейді. Ары қарай Түркістандағы еркін экономикалық аумақтағы зауытта жіп иіріп, матадан дайын өнім шығарады. Бір сөзбен айтқанда мақта кластері дамиды.
Қытайлықтар жалпы 64 миллиард теңге қаржы жұмсаған. Мақта теретін комбайндарға дейін әкелінген. Екі жақты келісім негізінде болашақта ауылшаруашылығына қажетті мамандарды жергілікті кәсіптік колледжде оқыту жағы да қарастырылған. Компания қазірдің өзінде өңірде 500-ден астам адамды жұмыспен қамтып, заманауи технологиялармен жұмыс істеуде.