Қаладағы көлік жүйесін жеңілдетіп, транзиттік қозғалысты сыртқа шығаруға бағытталған А-2 айналма жолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны – 32 миллиард теңге.


Айналма жол сегіз кезеңге бөлінген. Оның алғашқы төрт кезеңі толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған учаскелерде құрылыс жалғасуда. Жоба толық аяқталғанда қаладағы көлік кептелісі азайып, тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етіледі.


ӨМІР ҚАЛЫБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӨЛІК ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл жолдың ұзындығы 28,9 шақырымды құрайды. 1-2-3-4 кезеңдерін 2024 жылы пайдалануға бердік. Биыл, яғни 2025 жылы қалған 6-7-8 кезеңдері аяқталады. Жобаның аясында Юсупов, Тамшыбұлақ, Ізенді сынды көшелер де салынып, қолданысқа енгізілді.


 Мамандардың айтуынша, А-2 айналма жолы толық іске қосылғанда Шымкенттің көлік инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтеріледі. Қаладағы басты көшелердегі қозғалыс реттеліп, кептелістер айтарлықтай азаяды. Ең бастысы, тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз жүріп-тұруға мүмкіндік жасалады.