Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Даурен Қосановпен бірге Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды. Шараға Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Дәстүр бойынша Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Оқу орнының жеке құрамы, әкімдік, қоғам өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері мен “Жас сарбаз” әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері аты аңызға айналған әскери қолбасшыны бір минут үнсіз тұрып еске алды. Әскери оркестрдің салтанатты сүйемелдеуімен Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков оқу корпусының басты кіреберісіндегі символдық лентаны қиды.
Қорғаныс министрі салтанатты іс-шараға қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтады. Қорғаныс министрі ризашылық белгісі ретінде Ғабит Сыздықбековке «Ел қорғаны» ведомстволық медалін табыс етті. Министр оқытушылар мен командирлерге тәрбиеленушілерге кәсіби дағдыларды ғана емес, рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық рух пен патриотизмді бойларына сіңіріңдер деді.
Ал болашақ сержанттарға мықты денсаулық, оқуда жақсы нәтижелер, тәуелсіз мемлекеттің өркендеуі жолындағы толағай табыстар мен жетістіктер тіледі. Білім беру мекемесінің маңызы ерекше, себебі дәл осы жерде өз өмірін елге қызмет етуге және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнауға дайын, білімді әрі патриотты жас кадрлар білім алады. Курсанттар үшін әскери білім беру мен даярлықтың жоғары талаптарына сәйкес заманауи жағдай жасалған.