Мемлекеттік қолдау шын мұқтаждарға берілуі тиіс! Қала әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек баспасөз отырысында осылай деді. Айтуынша, әлеуметтік көмек алатын отбасылардың материалдық жағдайы жіті бақыланады. Енді өтініш берушінің мұқтаждық санатына сай келетіні, не келмейтіні арнайы мобильдік қосымша арқылы жүзеге аспақ.


АИДА НҰРЖАНБАЙ:

Белгілі болғандай, әлеуметтік көмек барлығына бірдей берілмейді! Азаматтардың айлық табысы, мүлкі, көлігі, несиелерінің болуы, мүгедектігі бар не жоғы, тіпті білім деңгейі мен жасырын табысының болуы көрсеткіш ретінде назарға алынады.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

 екі не одан да көп үйі бар, 2 ден көп көлігі, тіркелген заңды тұлғалық компанияы бар, жеке кәсіпкер болмаса ЖШС құрған азаматтар, отбасы мүшесінің жан басына шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 4-ші деңгейінен асатын үй қожалығы әл ауқат деңгейі жоғары 6-шы санатқа жатқызылатын отбасылар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік қолдау шараларын алушылардың қатыран шығарылады. 


АИДА НҰРЖАНБАЙ:

Ал, 1-ші шілдеден бастап жүзеге асқан «Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы әлеуметтік көмек алатын және тұрғын үй көмегін пайдаланатын азаматтар үшін газға жеңілдік беру процесі барынша оңай, әрі қолжетімді етіледі.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

Әлеуметтік халық үшін 50,80 теңге, әлеуметтік көмек алатын тұрғындар үшін 32,05 теңге бекітіліп отыр. Бұл 36 пайыз жеңілдік беріп отырғандығы көрсетіледі. 


АИДА НҰРЖАНБАЙ:

Айта кетейік, биыл мегаполисте әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 40 пайызға азайған. Мұны Сәрсен Абайұлы халық табысының артуы мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға жүргізілген мониторинг нәтижесімен байланыстырады. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қала бюджетінен биыл 7,5 млрд теңге қарастырылса, 24 608 азаматқа 1,6 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілген. Ал, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4242 балаға 1 жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленіп отырған.