Шымкентте 1500-ге жуық азамат әскерге шақырылды. Күзгі әскерге шақыру 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жалғасады.
Шымкентте шамамен 1500 жас жігіт әскерге жіберіледі. Олар Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштерінде, ҰҚК Шекара қызметінде, Ұлттық ұланда, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде мерзімді әскери қызметін өтейтін болады. 2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкенттен шамамен 600 адам Қазақстан Қарулы күштеріне, 170-тен астамы ҰҚК Шекара қызметіне, 20-сы Мемлекеттік күзет қызметіне, 400-ден астамы Ұлттық ұланға және тағы 20-сы ТЖМ құрылымдарына жіберіледі, — деп мәлімдеді қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерлан Арынбаев.Осы жылы әскерге шақыру рәсімі барынша ашық әрі қолайлы ұйымдастырылған. Шақырылушыларға жеке шақыру қағаздары мен SMS-хабарламалар 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жіберіледі.