Чек талап ет те бағалы сыйлық ұтып ал! Мемлекеттік кірістер департаменті деректерді тіркеу аппаратынан алынған түбіртектерге байқау жариялайды. Бұл санаттағы чектерге кез-келген дәріхана, супермаркет сынды сауда нысандары берген түбіртектер кіреді.
Ұйымдастырушылар, мұндағы мақсат – тұтынушылар құқығын қорғап, түбіртек мәдениетін қалыптастыру, - дейді. Көп ретте азматтар сатып алу кезінде берілетін түбіртекке немқұрайлы қарап, қоқыс жәшігіне тастай салады. Алайда, тауар жарамсыз, не сапасыз болған жағдайда оны кері қайтару үшін тап осы тауар чегі қажет болады. Сондықтан департамент қызметкерлері: қала тұрғындарын әрбір төлем түбіртегін сақтап, дәлел-дәйекке мұқият болуға шақырады. Қыркүйек айында басталған акция желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
ШОХАН ОМАРБЕК, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

 – «Апстор немесе Плей маркет қосымшасынан «Әмиян» бағдарламасын жүктейміз» «Берілген чектерді осы қосымшаға жүктейміз. Сол арқылы бағалы сыйлықтар, айфон 15 про смартфонын ұтып алуға мүмкіндік бар. Қала тұрғындарын өз құқықтарын қорғауға және бағалы сыйлықтарды ұтып алуға шақырамыз»