Енді аудан әкімдерінің жұмыс өнімділігі 109 біріңғай байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдар негізінде бағаланады. Яғни, арнайы қосымша қоғам өмірінің барлық саласын қамтып, тұрғындардан келіп түсетін өтініш-талаптарды қабылдайды. Оның жиынтығы аудан басшыларының рейтингін құрап, белсенділігін анықтайды. Осылай деген Мұхит Кемелов баспасөз отырысында цифрландыру басқармасының соңғы он айда атқарған жұмыстарын таныстырып, есеп берді.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Басқарма қоқыс жәшіктерін де цифрландырып, бейнебақылау жүйесімен жабдықтамақ. Мұндағы мақсат қоқыс контейнерлерін бақылап, анализ жасау. Әзірге пилоттық жоба ретінде бір орын алынған. Ол жерге орнатылған бақылау жүйесі оң нәтижесін беріп отыр. Камераға 164 заңсыз әрекет түсіп, қоқыс контейнерінің толғанын 52 рет анықтаған. Сондай-ақ камера өрт фактісінен хабар беріп, тілсіз жаудың дер кезінде бетін қайтаруға көмектескен. Басқарма контейнерлерге арнайы QR кодтарды да қоса жабыстырып, 109-Бірыңғай байланыс орталығының ватсап мессенджеріне тікелей сілтеме жасаған. Яғни, енді тұрғындар қоқыс мәселесіне қатысты арыз-шағымын басқармаға бармай-ақ, әлеуметтік желі арқылы да білдіре алады.
МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «QR код тақтайшасы орнатылып, телефон арқылы 109-ға тіклей дайын мәтінмен қоқыс жәйшігінің толуы туралы хабарлама жіберуге болады.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Сондай-ақ басқарма электронды үкімет жобасы аясында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, қағаз бастылықты азайту мақсатында да жүйелі жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде электронды қызмет көрсеткіші 85 пайызға жетіп, жылдағы межеден озған.
МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Шымкентте 164 мемлекеттік қызмет болатын болса, оның 140, яғни 85 пайызы автоматтандырылған. Қалған 15 пайызы қағаз түрінде.» -
Баспасөз брифингі бұқаралық ақпарат өкілдері жолдаған сауалдарға басқарма басшысының тұщымды жауап беруімен түйінделді.