Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауы қорытындыланды. Бүгін Шымкентте осы жанрда қалам тербеген шығармашыл жандар арнайы марапатталды. «Заң» медиа-корпорациясы қолға алған жобаның салтанатты жиынына Астанадан арнайы қонақтар қатысты.
Биылғы детектив шығармалар байқауы «Заң» медиа-корпорациясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Аталмыш жанрда шығарма жазатын жазушыларды көпке таныту мақсатында қолға алынған байқаудың берері көп.
Байқау детектив жанрында қалам тербеген кемеңгер тұлға Кемел Тоқаевқа арналады. Мамандар осынау тұлға қалыптастырған жанрды қазақ басылымында кең танытуды көздейді. Әрі шығармашыл азаматтың тау тұлғасын танытуға жол ашады.
Сайысқа 100-ден аса шығарма түскен. Соның 10-ы үздік деп танылып арнайы марапатталды. Шымкент қаласы әкімдігінен қолдау тапқан шара жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға қол жеткізді.
Тұрақ Адисұлы аталған байқауға 3-рет қатысып отыр. Алғашында 3-2 орындарға ие болған. Кезекті сайыста «5 миллиондық кемпір» шығармасымен топ жарды.
Байқау жазушының шығармашылық мұрасын насихаттау және қазақ әдебиетіндегі детектив жанрын дамыту мақсатында өткізіліп келеді. Қазақстанның көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің детектив жанрына негіз қалаған тұлғасы Кемел Тоқаевтың құрметіне арналған сайыс дәстүрге айналған