Биыл 15 мәдениет обьектілерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Меже артығымен орындалып, 23 нысанның кем-кетігі түзетіліпті. Бұл туралы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев бақ өкілдеріне берген брифингте мәлімдеді. Он айға шолу жасап, есеп берген ол салада айтарлықтай ілгерілеу бар дейді. Толығырақ тілші тарқатады.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Енді архивтік құжаттар шаң басып, тасада қалмайды. Өйткені басқарма мұрағаттық материалдарды цифрландырып, заманауи үлгіге көшіруді қолға алған. Биыл 600 мың парақты цифрлік үлгіге өткізуді көздеген жауаптылар жоспарды 84 пайызға орындаған.
БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Сонымен қатар архивтік құжаттардың қорын ұлғайту. Жоспар жүйелі орындалған»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Шымкенттіктердің 97 пайызы мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Осылай деп мәлімдеме жасаған басқарма өкілі аталған көрсеткіш қала тұрғындарының қатысуымен өткен сауалнаманың нәтижесі дейді. Сондай-ақ сауалнама қорытындысы мегаполис тұрғындарының 87 пайызы орыс тілін, 24 пайызы ағылшын тілін меңгергенін көрсеткен.
БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Басқармаға қарасты тілдерді оқыту әдістемелік орталығы жұмыс істейді. Бұл жерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйретеді. Бүгінгі таңда 1302 азамат курстан өтті. Қазақ тілінен 778, орыс тілінен 79, ағылшын тілінен 435 адамды құрап отыр» - 05:01 // 576_2293 //
Баспасөз отырысы әрі қарай сұрақ-жауап форматына ауысып, басқарма басшысы БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына жауап берді.