Шымкент қаласында 1500-ден аса азаматтың бас бостандығы шектелген. Оның 290-ы Еңбекші аудандық пробация қызметі бөлімінде тіркеуде тұр. Сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеу шарты мен тәртібін орындамаған 27 азамат бас бостандығынан айырылды. Жалпы бақылаудағы азаматтарға қандай көмек түрлеі көрсетіледі? Сюжеттен көріңіз.
Иван Семенов тыйым салынған затты қолданғаны үшін жазасын өтеп жүр. Қазір Еңбекші аудандық пробация қызметінде тіркеуде тұр. Сот үкімімен екі жылға бас бостандынынан шектелген. Арнайы есептен шығуына үш ай уақыты қалыпты. Азаматтың әлеуметтік жағдайын ескеріп пробация бөлімі Иванның отбасын азық-түлікпен қамтып, өзін жұмысқа орналастырған.
ИВАН СЕМЕНОВ – ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ
- Еңбекші аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері маған жиі көмек көрсетіп тұрады. Үйде екі ұлым бар. Сондықтан мұндағылар азық-түлікпен жиі қамтиды. Дәнекерлеуші болып жұмысқа орналастырды. Өткенде менің отбасыма циркке билет те берді. Бала-шағамен барып тамашаладық. Бұрынғы жаман әдеттерімнен арылуға көмек тесті. Енді заң бұзушылық жасамаймын.
Ал, Мария есімді мына келіншек 2022 жылдан бері тіркеуде. Бұл азаматшаға да бөлімдегілер жағдай жасап отыр. Жұмысқа орналастырып, медициналық көмек те көрсетіп келеді.
МАРИЯ СЕМЦОВА – ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ
Пробация бөлімі бізге үнемі қолдау білдіріп, көмек көрсетіп келеді. Маған ғана емес, оында тіркелген қанша азаматтың жағдайын жасап отыр. Медициналық көмек, жұмысқа орналасу, құқықтық мәселелерге қатысты сұрағымызға жауап береді. Мұнда бастысы заң талаптары мен тәртіп бұзбасаң болды. Мұндағы қызметкерлер үйге барып тексеріп қадағалап отырады. Бастысы заңсыз әрекет жасамау керек.
Есепте тұрған 290 азаматтың 29-ы әйел, екеуі кәмелет жасына толмағандар. Олар айына 3 рет тіркеуден өтіп тұрады. Ал заңды бұзған 29-ы қайта сотталып, түзеу мекемесіне жіберілген.
ЖАНАР ТҰРСЫНҚҰЛОВА - ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ПРОБАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ, ӘДІЛЕТ ПОДПОЛКОВНИГІ
40 сотталғанға тұрақты жұмыстпен орналастырып, квотамен 13 сотталған орналастырылған. Атаулы әлеуметтік көмектен 28 жанұяға көрсетіліп, көпбалалы жанұяларға әлеуметтік көмек көрсетілді қаржылай. Екі сотталған азамат бізде есепте тұрып үш айлық оқу орнын бітіріп, кур салып шаштараз және деәнекерлеуші болып жұмсқа орналастырылған. Біз қатаң қадағалау мақсатында электрондық бақылау құралы қолданылып, аяқтарына электорнды бақылау тағылып олардың мекен жайлары тексерілуі және тіркеуге келууақыттары күшейтілген.
Айтып өтейік, Еңбекші ауданының пробация қызметінің қызметкерлері 19 адамға медициналық, 22 адамға құқықтық көмек көрсетті. Сонымен қатар 16 сотталушының мектеп жасындағы балаларының көңіл-күйін көтеру мақсатында циркке билет сатып алып берген.