Шахмат – ұшқыр ой алаңы. Достық пен сыйластықтың алтын көпірі. Осылай деген ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев: "Шахмат ойнаған бала теріс әдеттерден аулақ болады. Сондықтан елімізде шахмат қозғалысын дамытуды қолға алуымыз тиіс" -  деген болатын. Мемлекет басшысы атап өткен тапсырамны орындап, жас өренді шахматқа баулу мақсатында жасөспірімдер арасында турнир өтті.
7 турдан тұратын турирде 46 оқушы бақ сынады. Олар 8-12, 12 – 16 жас санатына бөлініп, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Жүлделі орын иегерлеріне арнайы алғыс хаттап табысталып, облыстық кезеңге жолдама берілді.  
Турнирдің көздегені мектеп оқушыларын зияткерлік ойынға баулып, ынта-жігерін еселеу. Мақсат аясында осы сынды сайыстар жиі өткізіледі. Нұрислам Абдуғаппаров турнирдің ең жас қатысушыларының бірі. Айтуынша шахмат ойыны, оның ойлау дағысын ұштап, сабақ үлгерімін жетілдірген.
 Ұйымдастырушылар, жасөспірімдердің шахмат ойынына деген қызығушылығы жоғары екенін айтып, алда осы сынды сайыстар қатарын көбейтуді жоспарлап отырғандарын айтты.