Биылғы оқу жылы оң өзгеріспен, жағымды жаңалықпен басталды. Оқушылардың білім сапасын көтеріп, қабілет дағдыларын ұштауды көздейтін «Мақсатты мектеп» жобасы іске қосылып, білім саласына серпіліс берді. Осылай деген әдістемелік орталық өкілі: «бағдарламаның берері мол. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - дейді. Жобаға белгіленген критерийлер шеңберінде қаладағы 40 мектеп іріктеліп алынған. Мақсат аясында жүйелі жұмыс жүргізіліп, оқытушылар мен оқушылар белсенділігі артқан. Осыған орай № 36-шы Қазыбек би атындағы жалпы орта білім беретін мектеп мекемесінде оқытушыларға арналған семинар өтіп, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты.
 
Еліміздің барлық аймағын қамтыған жобаға 943 білім ордасы енген. Оның 40-ы Шымкентте орналасқан. Бағдарлама шеңберінде мұғалімдер біліктілігін арттырып, тәжірибелерін ұштау мақсатында 160 сағаттық базалық курс өткізу жоспарланған. 80 сағаты өткізіліп, оқытушыларға тың серпіліс берген қосымша дәрістер әлі жүйелі жүргізілмек.

МҰХТАР БЕКСҰЛТАНҰЛЫ, «ӨРЛЕУ» КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «40 сағаттық негізгі курс. Одан кейін ілгеріленген курс өткіземіз. Жалпы 160 сағат курс өткіземіз.»

Мақсат аясында қалдағы бес ауданда бес семинар өткізіліп, соңынан қорытынды тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылмақ. Осылай деген жауаптылар бүгінгі іс-шара мегаполистің білім сапасын жетілдіріп, мұғалімдерге бағыт-бағдар береді деп отыр.
АҚЖАРҚЫН ТҰРСЫНОВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Негізгі масаты кәсіби деңгейін көтеру. Бұл мұғалімдердің дағдысын арттырады, сол арқылы білім сапасын көтереді»

 №38 мектеп оқытушылары бірнеше сыныптарға бөлініп, ашық сабақтар өтті. Оны өзге мектептерден келген пән мұғалімдері бақылап, тәжірибе алды. Білгенімен бөлісіп, дәрістен соң кем-кетігі жайында пікір алмасты.
НҰРБАҚША ҚАППАРОВА, №82 К.ҚАСЫМҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖОБМ МҰҒАЛІМІ
 – «Бүгін мен өз пәнім бойынша сабаққа кірдім. Сабақ Шәкірім Құдайбердіұлының поэмасы жайында екен. Сабақ барысындағы оқушылардың жинақылығы, сабаққа деген қызығушылығы мені қатты риза етті. Заман талабына сай ШӘкірімді сөйлетіпті, сабақ солай басталды»

Ұлттық құндылықтар ұлт болмысын айқындап, халық жай-күйін терең тануға көмектеседі. Сондықтан тарих беттерін парақтап, жас өренге ұлттық код жайында жүйелі үгіт-насихат жүргіземіз. Осылай деген мектеп басшылығы бүгінгі семинарға ұлттық құндылықтар жайындағы ашық сабақты да кірістірген.
 НЕЛКЕН АЛТЕКОВА, № 36 ҚАЗЫБЕК БИ АТЫНДАҒЫ ЖОБМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ   
– «Біздің тәрбие жұмысында әкелер, әжелер клубы жұмыс істейді. Бұл бүгін ғана ұйымдастырылып отырған жұмыс емес. Бұл күнделікті жұмыс жоспары.» Семинар дәрістері аяқталғаннан соң оқытушылар өзара пікір алмасып, сабақ жайындағы ойларымен бөлісті. Алып-қосар ұсыныстарын айтып, дәрістің кем-кетегін талқылады.