Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Карло Гоццидің  «Махаббат по расчету» комедиясының премьерасы өтті. Спектакль Қытай ертегісінен алынған «Турандот  ханшайым»  шығармасы желісі бойынша сахналанды. Бұл комедия әлемнің классикалық туындыларының қатарына жатады.  
 Карло Гоццидің  Қойылымның негізгі өрбуі Қытай императорының Турандот есімді ханшайымы еркек атаулыны өзінен биік қойғысы келмей әлемнің барлық ханзада, сұлтандарымен тұрмыс құрудан бас тартады. Өзі сұлу, көрікті бойжеткеннің суретін көріп ғашық болған, өзіне жар еткісі келген ханзадалар әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Ханшайым оларға сұрақ қойып, жауабын сұрайды. Жауап бере алмағандар аяусыз ажал құшады. Тек Калаф есімді ханзада Турандоттың сынақтарынан сүрінбей өтеді.
«Махаббат по расчету» комедиясын көрші елден Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Азат Бекмұратов бір жарым ай бойы театрда еңбектенген. Туынды Марат Сақатовтың аудармасы желісінде қойылды. Бұл шығарма  көрермен қауымды әлемдік алтын жауһарлы классикалық туындымен сусындауға шақырады.
95 жылдық тарихы бар театр актерлары сахналаған комедиялық шығарма, көрерменге ой салып, күлкі сыйлайды. Екі сағаттық қойылымды  5-6 желтоқсан күндері  тамашалай аласыз.