Нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгінгі қоғамның дерті. Жиіркенішті құбылыстар баланы адастырып, ата-ананың жүрегін қақ айырады. Осы өзекті мәселелер Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жиынында кеңінен талқыланды.

 «Салауатты сана» жобасы аясында 5 әлеуметтік кеселмен күрес жарияланған. Бұл мәселелерді шешуде Аналар кеңесіне ауқымды міндеттер жүктелген. Кеңес төрайымы белгіленген мәселелерден бөлек өзге кері құбылыстарға да арнайы тоқталды.

 НӘЗИПА ШАНАИ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Нашақорлықта лудаманияда өзекті мәселе. Былтыр ВЭП мәселесі бойынша жұмыс істедік Оны қолдануды кіргізуді біз тоқтатпайтын болсақ ұлт ретінде құритын едік. Үйткені оны шегетін ең жас баламыз екінші сыныпта болды.

 Мегаполистегі Аналар кеңесі де өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдер мен қоғамдық дерттерден сақтандыру ісінде белсенділік танытуда. Жас буынға рухани тәрбие беру және ұлттық, отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағытында ауқымды жұмыстарды нәтижелі атқарып келеді. Қалалық кеңес мүшелері еліміздің жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарды қоғамда жүйелі дәріптеуге сүбелі үлес қосуда.

 ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

- Түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген абыройлы аналар мен қалалық этно-мәдени бірлестіктердің сапында аналар қызмет етіп келеді. Жыл басында бекіткен жұмыс жоспарына сай қаладағы бірнеше ауқымды шараларды жүзеге асырды.

 Кеңестің ұйытқы болуымен «Аналар – шаңырақ шуағы», «Ақ орамал», «Сырғалым», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» сияқты бірнеше ірі жобалар іске асты. Кеңес мүшелері «Әйелдердің құқығын қорғау мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Заңның жұмыс тобына қатыстырылды.

Айта кетейік, қоғамдық негізде әрекет ететін құрылым бүгінде жас буынды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге жұмылдырылумен қатар, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге белсенді ықпал ететін беделді қоғамдық институтқа айналған.