Шымкентте биыл бірқатар қылмыс саны едәуір азайған. Бұл жөнінде қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов мәлімдеді. Сөзінше, жүйелі жұмыс нәтижесінде қоғамдық орындағы қылмыс саны 10 пайызға, оның ішінде көшедегі қылмыс саны 2 процентке азайған.

 Сондай-ақ, биылғы көрсеткіш бойынша, адам өлтіру 17 пайызға, зорлау 13, ұрлық 29, алаяқтық 22, тонау 36, қарақшылық 33 пайызға азайған. Дегенмен, Шымкент полициясында кадр тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Жұмыс жүктемесінің жоғары болуына байланысты тергеу сапасын арттыру үшін қосымша қызметкерлер қажет дейді департамент өкілдері. Қала халқының өсуі, урбанизация қауіпсіздік ережелерін толық сақтап, қосымша қызметкерлерді қажет етеді. Жаңа кадрларды тарту, жұмыс штаттарын көбейту және қызметкерлерді ынталандыру шаралары қолға алынуға тиіс. Бұл бастамаларды әкімдік те қолдап отыр. Сонымен қатар, қалада аллеялар мен парктердің көбеюі де арнайы полиция қызметкерлерінің сол маңдағы тәртіпті сақтауын талап етіп отыр. Әзірге тек арнайы шақыртумен ғана баратын тәртіп сақшылары жалпы қоғамдық қауіпсіздікті сақтау қиындық тудырып отырғанын жасырмайды.

СНХ: ҰЛЫҚБЕК МЫЛТЫҚОВ, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 1012 - 02:15 – 02:36 «Күнделікті бізде 113 автобағыт шығады қала бойынша. Ол күнделікті қылмыстық шақыртуға барады, штат саны жетіспеушілігі байқалады. Әкімшілікке өтініш бердік. Бұл бағыт бойынша қазір әкімшіліктің қолдауымен штат санын 300-ге көбейтеміз деп отырмыз»

ТҮЙІН: Департамент бастығының орынбасары учаскелік инспекторлардың да жұмыс жүктемесінің ауыр екенін жеткізді. Олардың саны – 367. Бұл дегеніміз ресми 1,2 млн бейресми 2 миллион халыққа тым аз. Хаттама бойынша, әр учаскелік инспекторға 3000 халық бекітілген болса, қазір бір полицейдің басына келетін адам саны 6000-10 000-ға дейін баратын көрінеді. Мұндай үлкен аумақты игеру тәртіп сақшыларына қиын - деді Ұлықбек Мылтықов.