Ұялы байланыс пен интернет сапасы сын көтермейді. Бұл мәселе Шымкентке шалғай орналасқан елдімекендерде көп кездеседі. Интернет желісінің жұмыс істеу сапасын жақсарту мақсатында жауаптылар тексеру жүргізіп, нәтижесінде 39 орында мобильді байланыстың сапасы төмен екенін анықтаған. Нәтижесінде байланыс оперторларына 44,3 миллионт теңге айыппұл салған.
Шымкенттік тұрғындардың байланыс операторларына өкпесі қара қазандай. Себебі байланыс нашар, тариф қымбат. Кей компания антеннаны белгіленген аймаққа емес, тұрғын үйдің шатырына орнатуды әдетке айналдырған. Бұл өз кезегінде адам денсаулығына зиян дейді қараша. Ал Тоғыс аумағының тұрғындары 6 жылдан бері мобильді желі мүлдем ұстамайтынын айтты.
СҮЛЕЙМЕН ҚАМБАРОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
- Бізде Қазығұртта антенналар бар. Телефон антенналары. Соларды үлкен бір бочканың үстіне, болмаса біреудің шифрының үстіне қоя салады. Бізге арызданады азамдар келеді бізге зияны тиуі мүмкін. Канечно шифрдың үстінде тұрады антенна. Антеналарыңыз келмей қалады. Неге десеңіз станцияларыңызда свет өшкен кезде аккумулятор қослып сол арқылы істеу керек автоматический сондай. Бірақ ол жерде аккумуляторларыңыз жоқ.
Жауапты маман Қазығұрта байланыстың болмауын станциядағы тоқ беретін құрылғының ұрлануымен байланыстырды.
ЕРЖАН МАХМУДОВ – КСЕLL БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЫНЫҢ ӨКІЛІ
- Бізде Қазығұрт ауданында жақын арада кража болды. Сол уақытта бізде аккумулятор болмай тұрды. Қзаір аккумулятор қойылып, Қазығұрт ауданы жақсарылды. Сол момент өшкен кезде дежурный инжинер барады акумулятор қойып байланыспен қамтамасыз етіледі. Қазығұрт қазір орнына келді.
Ал Ақтас, және Тоғыс тұрғын алабының тұрғындары тарифтың тым қымбат екенін айтады. Елді мекенде электр жарығы жиі өшуі себебінен байланыс та болмайды екен.
ЕРЖАН МАХМУДОВ – КСЕLL БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЫНЫҢ ӨКІЛІ
- Ол жерде дежурный жүйелеріміз бар. Свет өшкен жағдайда барып генератор қояды. Сразу сіздерге связбен қамтамасыз етеді.
Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 3G байланысынан 5G байланысына көшу керектігін айтқан еді. Алайда Шымкентте жоба қашан толық іске асатыны белгісіз. Бүгінгі таңда өңір 4G байланысымен қамтылса да, сапа нашар. Интернет желісінің жұмыс істеу сапасын жақсарту мақсатында жауапты сала мамандары шаһарда зерттеу жұмысын жүргізген. Нәтижесінде 39 нүктеде ақ дақтар анықталып, ұялы байланыс операторларына айыппұл салынған.
АСХАТ ОРАЗБЕК - ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
- 2024 жылдың 1 мамыр мен 19 маусым аралығында тексеру жұмыстарын жүргізді. Қамту әлсіз аймақтар ақ дақтар 39. Тексеру нәижелері бойынша кселл операторында ұялы байланыс сапасы төмен 11 аймақ. Мобайл телеком Сервис операторында 14 аймқ, картелл операторында 14 аймақ. 2024 жылдың басынан бері ШЫмкент қаласында 19 тексеру жүргізіліп, 44 млн теңгеге айыппұл салынды.
5G байланысына өту үшін КСЕЛЛ операторы Шымкентте соңғы технологияға негізделген 239 базалық станция орнатқан. Ол шаһардың 65 пайызын ғана қамтиды.