Елімізде жол-көлік оқиғасының саны 90 пайызға артқан. Мәселен Шымкентте жыл басынан 1356 жол апаты тіркеліп, салдарынан 81 адам қаза тапқан. Бұған көбіне жылдамдықты асыратын жүргізушілер кінәлі екен. Сонымен қатар мопедтердің қатысуымен 25 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. Жауаптылар электросамокаттардың да қатысуымен болатын апаттардың бар екенін айтады.
Ресми деректерге сүйенсек, соңғы айларда жол-көлік оқиғаларының саны айтарлықтай өскен. Әсіресе, көлік апаттары жиі тіркелетін орындар – орталық көшелер мен ірі магистральдар. Патрулдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан 406 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтаған. Оның негізгі себептер жылдамдықты арттыру мен бағдаршам ересін бұзу.
АЗАМАТ ШАДИРБЕКОВ – ПАТРУЛДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ
- 400 мыңның ішінде мас халде басқару, жолдың қарсы бағытына шығу, жаяау жүргіншіге басымдылық бермеу, бағдаршамның қызыл светіне түсу деген сияқты. Былтырғы жылмен салыстырғанда жол көлік оқиғалары едәуір өскен. Биылдыққа жыл басына бері 1356 жол көлік оқиғасы орын алым 81 адам қаза болып, 1623 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханағ атүскен.
Үшінші мегаполис қауіпсіздігін бүгінде 11 мыңнан аса бейнебақылау камерасы бақылап отыр. 2025 жылға дейін көше қиылыстарымен аулаларда тағы да 10 мың дана бақылау жүйесі орнатылатын болады. Көше қиылыстарындағы 300 орында сергек камерасы қойылған. Олар күніне 1000-нан 1500-ға дейін құқық бұзушылықты анықтайды.
МАҚСАТ ОРАЛБАЙҰЛЫ – ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ПРАКТИКА ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
- Шымкент қаласында жалпы 300 орынға яғни оның 200-і желілік, 100 көше қиылысында сергек ақпараттық кешендері орналасқан. Олармен күнделікті жол көлік оқиғаларына қатысты алдын алу мақстында жылдамдықты асыру, тоқтауға тыйым салынған орындарға тоқтау, сондай ақ белгілердің талаптарын сақтамау бойынша құқық бұзушылықтарды тіркеуде. Сонымен қатар қазіргі таңда жылжымалы 5 кибершериф автокомплексі жұмыс істеуде. Әкімшілік құқы бұзушылық бойынша жыл басынан камералармен жалпы 446 мыңнан аса құқық бұзушылықтар тіркелген.
Жол-көлік қақтығысына көбіне мопедтер түседі. Алдағы уақытта мұндай апаттардың саны азаяды деген сенім бар. Өйткені аталған көлік түрін тізгіндегендер жүргізуші куәлігін алуы қажет, әрі көлік құралын тіркеуден өткізуі тиіс. Барлық талап 2025 жылдың сәуір айына дейін орындалуы шарт.