Бүгін ҚР Парламент Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің мүшелері Шымкентте бас қосып, екі жақты даму жөніде ой өрбітті. Ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның 4-ші отырысына екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ымыраластықтың нығайып келе жатқаны айтылды. Бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты Төрағасының орынбасары Содик Сафоев және Қазақстан мен Өзбекстан республикаларының депутаттары, министрлік өкілдері қатысты. Алқалы жиынды комиссияның тең төрағасы Жақып Қажманұлы ашып, қос елдің арасындағы достық пен тату көршілікке негізделген байланыстың нығайғанын айтты. Сөзінше, екі жақты дамыған ынтымақтастық - сенімді диалог құруға мүмкіндік береді. Оның одан әрі дамуында коммисиясы жұмысының қосқан үлесі де ерек.
ЖАҚЫП АСАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Өте маңызды ортақ жобалар өте көп. Мемлекет басшылары да екі арасындағы қарым-қатынасты өте жоғары деңгейге көтеріп тастады. Әрине парламент те оның жоғары палатасы сенат..» - 00:37, 00:41 – «Осы достықты одан әрі дамытуы керек»
Жиын қорытындысына Өзбекстан тарапы да дән риза. Көрші ел делегациясын бастап келген Содик Сафоев екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланыстың дамып, кең қанат жайып келетінін айтады. Комиссия жұмысы басталған 4 жыл ішінде Қазақстан мен Өзекстан арасында құны 7 млрд доллардан асатын 28 алыс-беріс жобалары жүзеге асқан.