Шымкентте ардагерлер кеңесінің кезекті алқа отырысы өтті. жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, өңірдің әлеуметтік ахуалын сөз етті. Ақсақалдар Мемлекет басшысының «Ана тілі» газетіне берген сұқбатында айтылған келелі мәселелерді талқылады. Үкіметтің кеңейтілген отрысында талқыланған түйіткілдерді тарқатты.
Жаппай цифрландыру дәуірі, жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек,-деді Президент. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұру – замат талабы. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз қаншама жұмыстар атқарып келе жатырмыз. Лудамания туралы, есірткі туралы қозғалғаны, тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі қаралғаны мұның бәрі әділетті Қазақстанды құру жолындағы бастамалар. Әлеуметтік мәселелерді құру жолындағы қадамдар деп мен нық сеніммен айта аламын. Инфраструктура мәселесі сұқбатта да өткен жолы да айтылып жатыр.
«Ана тілі» газетіне берген сұқбатында Президент елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылады. Алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындады,-дейді аға буын. Жеңістің 80 жылдық мерейтойын атап өту мәселесі де орынды айтылған бастама.
БЕКЕТ ТҰРҒАРЕВ, ҚР ҚҰРМЕТТІ СУДЬЯСЫ
80 жылдықты тойлай отырып, біз жас ұрпаққа мынау ерлікті насихаттауымыз керек. Керек болса ескерткіш қоюымыз керек. Ол халықтық жұмыс.
Жаңа сынаққа төтеп беру үшін ең алдымен ұлттық құндылықтарды қорғай білуіміз керек. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық санамызды, қоғамдағы тыныштық пен береке-бірлікті, келісімді сақтамасақ, бізді кейінгі ұрпақ кешірмейді. Президенттің осы сөзі өңірлердегі әлеуметтік жұмысты ширатқан.