Түркістан облысында 6 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері қыз баланың асқазанына күрделі ота жасаған.
КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ
Пациенттің асқазанда өте үлкен мөлшердегі бөгде заттар Түркістан қаласындағы ауруханада анықталған. Содан кейін қыз бала шұғыл түрде Түркістаннан Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен жеткізілген.
МҰҚАҒАЛИ ТЕМІРБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ХИРУРГІ 00,20-00,52
Анасының айтуынша, баланың аурғанына 1 ай болған. Ол асқазан аймағының ауырсынуына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, салмағының төмендеуіне шағымданған.
КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ
Диагнозды нақтыланғаннан кейін күрделі ота жасалған. Дәрігерлер 1 сағатқа жуық созылған операцияда бүлдіршіннің асқазанынан ұйысып қалған бір уыс шаш алып шықты. Асқазаннан шыққан шаштың салмағы бір келіге жуық, - дейді ақ халаттылар. Емделуші бір күннен кейін палатаға ауыстырылып, бір аптаға жуық ауруханада ем алған. Бүгінде қыз баланың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды. Дәрігерлер кішкентай балаларға мұқият болып, қараусыз қалдырмауды сұрайды.