Шымкентте полиция формасымен тікелей эфирге шыққан тиктокер жауапқа тартылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция формасын киген қыз ведомствоның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен.
Тәртіп сақшылары TikTok желісінде полицей қыздың тікелей эфирінің бейнежазбасын анықтады. Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы азамат болып шықты. «Полицияның киімін заңсыз кигені үшін құқықбұзушыға әкімшілік хаттама толтырылды. Киім тәркіленді», - деп жазылған хабарламада. Полиция айырым белгілері немесе нышаны бар әскери киімді, сондай-ақ арнаулы киімді заңсыз киіп жүру құқықбұзушылыққа жататынын, ол үшін киім тәркіленіп, әкімшілік айыппұл салынатынын ескертеді.