Корей халқы ұлттық «Соллаль» мейрамын атап өтті. Кәріс ұлты үшін жаңа жыл саналатын мереке жылулық пен мейірімнің, бауырмалдықтың символы. Осылай деген этно мәдени бірлестік өкілдері, бұл іс-шара жас буынға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрді насихаттау мақсатына ұйымдастырылады, - дейді. Онда корей халқының ұлттық тағамдары паш етіліп, дәстүрлі ән мен биден шашу шашылады. Думанды жиынға арна тілшісі де арнайы қатысып, мерекелік көңіл-күйді сезініп қайтқан еді. Ендеше, Қанат Жолдасбек тарқата айтсын.
Роза Пак - Корей этномәдени бірлестігінің мүшесі. Қалың қазақпен тел өсіп, ынтымақта есейген әжей – ортақ отанға адал қызмет етіп, жергілікті жұр мәдениетіне құрмет көрсетеді. Бірақ ұлттық кодын, салт-санасын да ұмытпаған. Кәріс тілі мен оның дәстүрлерін жетік біледі. Түрі өзге болғанмен тілегі бір азамат «қазақ тілін меңгеру – халық болып ұйысудың бірден-бір жолы», - дейді.
Корей халқының ұлттық мерекесі Соллаль қазақтың Наурызына ұқсас. Юрий Панның айтуынша, олар бұл мерекеде ата-баба рухына құрмет көрсетіп, еске алады. Жер көгеріп, табиғат түлер тұста кәрістер бір-бірінен кешірім сұрап, өкпе-ренішті ұмытуға тырысады.
ЮРИЙ ПАН, КОРЕЙ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ
Бұл кеште біз жас буынға Корей халқының ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын түсіндіреміз. Тарих беттерін парақтап, өткенге тамыр жібереміз. Соллаль сонысымен де құнды, бағалы.
Корей этномәдени бірлестігі Шымкенттегі ең белсенді этнос ұйымы саналады. Осылай деген Айгерім Жұмақұлова кәріс халқы ортақ отанға жанашыр дейді. Сөзінше, көктемде батыс және солтүстік аймақтарды су шайып, ел басына күн туғанда жергілікті корейліктер жылу жинап, гуманитарлық көмек жіберген. Қажетті керек-жарақты түгендеп, ас-су толы көлік жөнелткен кәрістер қазақпен қуанышта ғана емес, сын сағатта да бірге екендерін дәлелдеген.
СНХ: АЙГЕРІМ ЖҰМАҚҰЛОВА, ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
01:00 - «Корей халқының, бірлестігінің бүгінгі мынау жаңа жылдық мерейтойын атқарып отыр, тойлап отыр. Соған енді біз шын жүректен құттықтауға келіп отырмыз. Жалпы осы кереметтей кезең, көктемнің жақындап келе жатқанын сездіретін корей халқында осы дәстүрлері бар». – 01:26
КСМ: Шымкентте 17 этно мәдени бірлестік бар. Олар береке-бірлікте тіршілік етіп келеді. Жалпы Қазақстанда 130-дай этнос өкілі тұратын болса, бейбіт әрі ауызбіршілікте жасап жатқанымыз ел саясатының арқасы дейді корей бірлестігінің өкілдері. Себебі барлық өзге ұлт өкілдеріне жақсы жағдай жасалғанын айтады. Сондай-ақ әрқашан бір жеңнен бас, бір жеңген қол шығарып, ынтымағымыз нығайа берсін деп тілек білдіреді.