Елімізде оқу орнын аяқтаған жас түлектерді жұмыспен қамту мақсатында бірнеше жоба бар. Оның ішінде «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы көп жас маманның алғашқы еңбек жолын бастауына сеп болып отыр.
КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ
Шымкентте жыл басынан бері 793 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа жолдама алды. Оның 89-ы «Жастар практикасы» бағдарламасына тиесілі. 15 адам «Әлеуметтік жұмыс» орындарына, 634 тұрғын «Қоғамдық жұмыс» орындарына, 55 тұрғын зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасына жолданды. Сонымен қатар 1 364 тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі – Динара Ахимбаева. Ол Петропавл қаласындағы жоғары оқу орнында «Тәрбиеші» мамандығы бойынша білім алып, өткен жылдың тамызында Еңбек мобильділігі орталығына жұмыс іздеп жүгінген. Нәтижесінде, «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы «Бес Арыс» балабақшасына жолдама алған. Қазіргі уақытта балабақшада тәрбиешісі мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жетілдіріп жүр.
КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ
Шымкентте былтыр 7 166 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы еңбекақысы субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алған. Оның 2 456-сы «Жастар практикасына» тиесілі. Еңбек нарығындағы жағдайға сәйкес, 2024 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% болса, 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1%-ды құрап отыр.