Өңір тұрғындарын сапалы жұмыс орындарымен қамту мақсатында 2025 жылғы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл мәселелер облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды. Былтыр атқарған жобалар мен биылғы міндеттер, орындалуы тиіс индикаторлар межеленді.

Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. Биыл жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау мақсатында барлық аудан, қалалардағы ірі өндіріс орындарында 38 ашық есік күндерін өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту, жұмысшы мамандық иелерін Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша бірқатар жұмыстар атқарылады. Бос жұмыс орындарына қатысты 84 жәрмеңке өткізілмек.
 АБЗАЛ  КАЗАНКАПОВ,   ОБЛЫСТЫҚ  ЕҢБЕК  МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ  МЕКЕМЕСІНІҢ  ДИРЕКТОРЫ
 Түркістан өңірінде облыс әкімімен бекітілген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 2024 жылы 118 889 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл қорытындысымен 126 988 жұмыс орындары ашылды. Ұлттық жобалар аясында 3722 жұмыс орны ашылып, жоспар 101,4 %-ға орындалған.