Түркістан облысы Сайрам ауданында притон анықталды. Тексеріс барысында өзбекстандық 7 қыз интим қызмет көрсеткені белгілі болды. Бүгінде заңсыз нысанның жұмысы әшкереленіп, соталды тергеу басталған.
Түркістан облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталған. "Ұйымдастырушылар ұсталды", - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, былтыр Түркістан облысында 11 притонның жұмысы тоқтатылды. Тексеріс кезінде бұл орындарда 35 адам интим қызмет көрсетіп келгені әшкере болған. Оның 13-і өзбекстандық, ал «жеңгетайлар» ретінде Қазақстанның 12 азаматы ұсталған.