Екілік санау жүйесі, ондық санақ, алпыстық есеп бұл математиканың даму тарихы мен жолы. Бағзы замандағы есеп-қисапты  қолында гаджеті бар жастардың көбі біле бермейді. Сондықтан қаламыздағы мықты математиктер оқушылармен кездесіп цифр әлемінің тарихына үңілді. «Халық институты» ұлттық ғылыми жоба аясында «Цифр тарихы немесе он саусақтың есептегі рөлі» тақырыбында лекция оқыды.
 Бағзы заманнан 10 саусақ санау жүйесін қолданған. Бұл жүйе егіншілік пен мал шаруашылығында кеңінен қолданған. Қазақтың тарихында да бұл  санақ ерекше орын алады.  Саусақпен санаудан бөлек, қарыстап, құлаштап, қадымдап өлшеген. Үлкен арақашықтықты  шақырыммен есептеген. Математика содан бері даму үстінде. Есеп-қисап тарихын тәптіштеп түсіндірген мұғалімдердің лекциясы шәкірттердің ынтасын оятты. Әр баяндама тартысты сұрақ-жауаппен түйінделіп отырды. Жиынның басты мақсаты да осы.  Ерте замандағы есептеу мен қазіргі заман технологиясын байланыстыра отырып жастардың бойына сіңіру.
 ҰЛБОСЫН ТАЛИПОВА, №149 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ
-Бастапқы кезде саусақпен санау өте оңай деп қараған. Себебі саусақпен санақ дәлдікті көрсетеді. 10 саусақтың рөлі сол заманда шыққан. Индияда пайда болған 0 деген концепсияның шығуына байланысты санау жүйесі дамып келеді.