Соңғы өзгерістерге байланысты, Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мемлекеттік қызметкерлер қатарына жатқызылды. Сәйкесінше, олардың жұмыс шарттары мен міндеттері мемлекеттік қызметке тән ережеге сай реттелетін болады. Осы орайда, Антикор өкілдері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалына қарасты мекеме қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік қызметкердің басты міндеті – азаматтарға сапалы қызмет көрсету. Сондай-ақ мемлекеттің қызметін тиімді ұйымдастыра отырып, заңдары мен ережелеріне сәйкес жұмыс істеу. Бұл ретте, сыбайластыққа жол бергендердің жазасы жеңіл болмайтынын Антикор өкілдері бүгінгі жиында тәкпіштер тұрып түсіндіріп берді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалында 1000-ға жуық қызметкер бар. Оларға өз жауапкершіліктері жөнінде түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр дейді ішкі қауіпсіздік қызметінің уәкілі Қайрат Байжарқынов.
Жемқорлыққа жол берген мемлекеттік қызметшінің жазасы ауыр. Оларға бірден қылмыстық іс қозғалып пара алғаны дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Ал арадағы делдалдар 6 жылға дейін темір торда отыруы мүмкін.