Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Осылай деген премьер Олжас Бектенов министрлер мен әкімдерге жедел шешімдер қабылдауды тапсырды. Бүгін үкімет үйінде Президенттің кешегі кеңейтілген жиында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өтті. Премьер-министр алдағы уақыттағы жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Мәселен инвестицияларды тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау бойынша белсенді жұмыс істеуді тапсырды. Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысып, зауыттар мен өндірістер салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс деді үкімет басшысы.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ КӨЛІК МИНИСТРІ
Президент тапсырмасын орындау аясында теміржол желісін дамыту бойынша «Қызылжар –Мойынты» бағытының жаңа желісін салу жұмыстары басталады. Алтынкөл-Жетіген, Бейнеу-Маңғыстау бағыттары да жаңартылады. Автомобиль транзиті былтыр 39 пайызға көбейді. Өсімді қамтамасыз бірқатар шаралар қолға алынбақ. Биыл 9,5 мың шақырым автожол жөнделеді. ))