Түркістанда білім саласын дамытуға америкалық инвесторлар атсалыспақ. Өңір басшысы аймаққа арнайы келген инвестормен кездесіп, білім саласын дамытуға арналған білегей жобаны талқылады.
Қазақстанның тумасы Даяна Музан Түркістан облысында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын балабақша мен мектеп ашу бойынша әлеуметтік жобасын таныстырды. Жекеменшік білім ұясы қазақ тілін терең меңгеріп, шет тілдерін үйрететін, спорт пен музыкаға баурайтын бірегей бастама болмақ. Пилоттық жоба батыстың еуропалық білім беру стандарттарын сақтай отырып, білім сапасын арттыруға бағытталған. АҚШ азаматшасы оқушыларға жайлы, арнайы қалашығы бар мектепке жергілікті педагогтар жұмысқа тартпақ. Келіссөздер барысында облыс әкімі бірегей жобаның жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Мемлекет басшысы Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындады. Оның ішінде білім беру саласын дамыту, инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Жүйелі негізде Түркістан облысының әкімі де әртүрлі елдердің инвесторларымен кездесуде. Өңірде білім сапасын арттыруға басымдық берілген. Жергілікті билік бұл бағыттағы жұмыстарды бюрократиясыз, қысқа мерзімде шешуге күш салмақ.
ДАЯНА МУЗАН, ИНВЕСТОР
Бұл жоба алғашында балалардың туған жерінде ана тілі мен қажетті басқа да орыс, ағылшын тілдерін терең меңгеруге жол ашады. Оқушылардың аналитикалық қарым-қабілетін арттыратын пәндер де қатар оқытылады. Түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Кейін үлкен сыныптарға өткенде математика, физика пәндерін меңгеретін болады.